Абадан балалар лагері – 5 жылдық тәжірибесі бар, ұлттық тәрбиеге негізделген ерекше демалыс орны. Біз балалардың болашағына жарқын жол ашу үшін жұмыс жасаймыз. Әрбір күн – жаңа достар, қызықты оқиғалар мен ұлттық құндылықтарды үйрену мүмкіндігі.
Біздің ұжым
Біздің ұжым – білікті және тәжірибелі мамандардан құралған. Әрбір қызметкеріміз балалармен жұмыс істеуде мол тәжірибеге ие және олардың қауіпсіздігі мен дамуына ерекше көңіл бөледі. Ұжымымыздың әрбір мүшесі балаларға ұмытылмас әсер қалдыру үшін өз үлесін қосады.